COVID-19: АҚШ-та төтенше жағдай режимі алынып тасталды

541

АҚШ президенті Джо Байден коронавирустың таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимінің күшін жоюды мақұлдады. 

COVID-19: АҚШ-та төтенше жағдай режимі алынып тасталды Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы дүйсенбіде Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылдың 10 сәуірі, дүйсенбіде президент COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген ұлттық төтенше жағдай жағдайын аяқтайтын заңға қол қойды", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай режимін АҚШ-та 2020 жылдың наурыз айында президент Дональд Трамп енгізді. Бұл әкімшілікке коронавирустың таралуына қарсы күресте, соның ішінде Конгресстің келісімінсіз қосымша ресурстарды пайдалануға мүмкіндік берді. Денсаулық сақтау саласындағы ТЖ туралы ереженің қолданылуы бірнеше рет, соңғы рет — осы жылдың 11 сәуіріне дейін ұзартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу