АҚШ-та короноварирус жұқтырғандардың әрбір үшіншісі Нью-Йорк-те тіркелген

1065

Қалада вирус жұқтырғандары саны – 8 115. 

АҚШ-та короноварирус жұқтырғандардың әрбір үшіншісі Нью-Йорк-те тіркелген

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың үштен бірі Нью-Йоркте тіркелген. Тап қазіргі уақытта 8 мыңнан астам адамдың ауру жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан. 

CNN телеарнасының хабарлауынша, қалада 8 115 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, олардың 60-ы қайтыс болған.

1450-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді, оның 370-і қатаң бақылауда, деп хабарлайды арна. Джонс Хопкинс атындағы Америка университеті жинаған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта АҚШ-та 26 747 адам коронавирусқа шалдыққан, олардың 340-ы қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу