АҚШ-қа төніп келе жатқан дауыл үлкен апатқа әкелуі мүмкін

183

5 миллионға жуық адамды эвакуациялауға бұйрық берілді. 

АҚШ-қа төніп келе жатқан дауыл үлкен апатқа әкелуі мүмкін Фото: Газета.Ру

Болжам бойынша "Милтон" дауылы жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні кешке Флориданың оңтүстік-батыс жағалауына жетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Флориданың батыс жағалауына қауіп төндіретін Милтон дауылы аздап әлсіреді, бірақ әлі де болса 5-ші санатты дауыл қатарында.

Сейсенбіде Милтон Флорида жағалауына бет алғанға дейін Мексиканың Юкатан түбегінің жағалауында көтеріліп, электр желілерін, шамдар мен ағаштарды құлатты.

Метеорологтар дауыл ел тарихындағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі болуы мүмкін деп қорқады. Дауыл құрлыққа жетпес бұрын әлсірегенімен, сол аралықта өзінің көлемін ұлғайтып үлгереді, сондықтан жағалаудың біраз аумағына зиян келтіруі мүмкін.

АҚШ санақ бюросының бағалауы бойынша, билік жалпы халқы шамамен 5,9 миллион адам тұратын Флориданың 11 округіне міндетті эвакуация туралы бұйрық шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу