АҚШ-та құйыннан 40 адам қаза тапты

107

АҚШ-тың орталық және оңтүстік штаттарына сұрапыл құйын соққы берді.  

АҚШ-та құйыннан 40 адам қаза тапты Фото: travelandtourworld.ru

"Рейтер" агенттігінің мәліметінше, 6 штатта торнадодан қаза тапқан адам саны 40-қа жеткен. Табиғи апаттан әсіресе Миссури штатты ең көп зардап шекті. Онда 12 адам қайтыс болған.

Ал Канзас штатында бір мезетте 50 көлік апатқа ұшырады. Оклахомада қатты желден от күшейіп, 150 өрт ошағы тіркелген. Бұған қоса құйын кезінде 4 пойыз аударылды. Штатта төтенше жағдай жарияланған. 350 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды.

Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, алдағы күндері торнадо тағы көтерілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу