АҚШ-та құс тұмауын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді

890

Науқас – құс фермасының қызметкері.

АҚШ-та құс тұмауын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді

АҚШ-та жоғары инфекциялық құс тұмауын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді. Вирус 30 шақты штатта таралып үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz Колорадоның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ауруға шалдыққан 40 жастағы ер адам құс фермасында жұмыс істейді. Ол H5N1 штамын жұқтырған тауықтарды сұрыптаумен айналысқан.

Дәрігерлердің айтуынша, науқаста тек шаршау симптомы тіркелген. Ер адам оны басу үшін вирусқа қарсы гомеопатиялық препарат қабылдаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, қазір құс тұмауын жұқтыру деңгейі төмен болғанымен, кейін вирус мутацияға ұшырап, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Бұған дейін Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті елдің орталық бөлігінде орналасқан Хэнань провинциясында адамның H3N8 құс тұмауы инфекциясын жұқтыру фактісі алғаш рет тіркелгенін мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу