АҚШ-та құс тұмауының өршуі құстардың жаппай қырылуына әкелді

607

Эпидемия дәстүрлі Ризашылық күнінде дастарханға қойылатын басты тағам күркетауық еті мен жұмыртқа бағасының өсуіне себеп болды.

АҚШ-та құс тұмауының өршуі құстардың жаппай қырылуына әкелді Фото: Forum Daily

АҚШ-та құс тұмауынан биыл 50,54 миллион құс қырылып, ел тарихындағы ең қауіпті індетке айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Тауықтардың, күркетауықтар мен басқа құстардың өлімі жануарлардың денсаулығын сақтау саласындағы үлкен апатқа айналып, 2015 жылғы рекорд - 50,5 миллион көрсеткішті жаңартты.

Инфекция көбінесе құстардың өліміне әкеледі. Егер бір тауықтан алынған тест оң нәтиже көрсетсе, құс фабрикаларындағы миллиондаған құстар өлтіріледі.

Нәтижесінде жұмыртқа мен күркетауық етінің бағасы күрт өсіп, жоғары инфляцияға тап болған тұтынушылардың экономикалық жағдайы ушыға түсті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу