6 тамыз күні АҚШ-тың Аризона штатында шағын медициналық ұшақ құлап, салдарынан 4 адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұшақ апаты жайында CNN басылымы кеңінен жазды.
Шағын медициналық ұшақ жерге құлаған соң бірден өртеніп кеткен. Бортта қаза тапқан адамдар жергілікті тұрғындар болмай шықты. Ұшақ Альбукеркедегі (Нью-Мексико) ауруханадан науқасты алып келу үшін көкке көтерілген.
Көп кешікпей ұшақтың CCI Aviation компаниясына тиесілі болғаны анықталды, бірақ апаттың нақты себебі белгісіз. Оқиғадан кейін тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатқандықтан, әуежайға кіреберіс жабылған. Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі мұның Beechcraft 300 ұшағы екенін мәлімдеген.
– Оқиға орнына жеткеннен кейін тергеушілер оқиғаны құжаттауға және ұшақты тексеруге кіріседі. Содан кейін ол қосымша тексеру үшін қауіпсіз мекемеге жеткізіледі, – деп мәлім етті қауіпсіздік кеңесінің өкілі Сара Тейлор Сулик.