Полицияның мәліметінше, атыс ашқан адам жер жастандырылған. Оның көлігі дүкен алдындағы тұрақта табылды. Қазір тәртіп сақшылары қаскөйдің кім екенін анықтап жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, дүкен мектептің жанында орналасқан. Оқушыларға ғимараттан шығуға тыйым салынды.
Атыс жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30 шамасында басталды. Шабуыл басталған кезде, дүкендегі кейбір адамдар мұздатқыштарға тығылған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр, ғимарат аумағы түгелдей қоршалды.
1 қыркүйекте Уинстон-Салем қаласындағы Mount Tabor мектебі аумағында белгісіз адамдар оқ атқаннан кейін жабылған болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: globallookpress.com