АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы мектептердің бірінде атыс болып, 3 адам мерт болды, деп хабарлайды 24.kz.
Атыс ашқан қаскөйдің өзі де қайтыс болды. Оқиға орнына келген полицейлер оған қарсы оқ атқан. Шабуылшының жеке тұлғасы әлі анықталған жоқ. Оны бұл әрекетке не итермелегені де әзірге беймәлім.
Айта кеткен жөн, АҚШ мектептерінде осыған ұқсас оқиғалар жиі тіркеледі. 15 қарашада ғана әлдекім бастауыш мектепте оқ атып, 5 адам қаза тапқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу