АҚШ-та мектептегі атыстан 8 адам қаза болды

691

АҚШ-та мектептегі атыстан 8 адам қаза болды

АҚШ-тың Техас штатындағы Санта-Фе мектебінде болған атыстан 8 адам қаза болды, деп хабарлайды gazeta.ru.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір жас жігіт сыныпқа кіріп, оқушыларға оқ жаудыра бастаған, сондай-ақ жарылғыш заттар тастаған.

Полиция қылмыскер мен оның сыбайласы болуы мүмкін күдіктіні ұстады. 

 

Айта кетсек, 3 ай бұрын 14 ақпанда Флорида штатындағы мектепте де қанды оқиға орын алған еді. Сол мектептің түлегі Паркленд Николас Круз автоматты винтовкадан оқ атып, 17 адам көз жұмған еді.

Осы оқиғадан соң Нью-Йорк көшелерінде 100 мың адам шеру жасап, қару сатуға заңды түрде шектеу қоюды талап етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу