Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі мемлекеттік қызметкерлерді коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға міндеттемек. Қазір осы мәселе Ақ үйде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ-тың CDC медициналық реттеушісі вирус көп таралған аймақтарда тұратын әрі вакцина ектірген тұрғындарға медициналық маска тағуды ұсынған еді.
Мамыр айында вакцинацияланған америкалықтарға көшеде бетперде тақпауға рұқсат етілген еді. АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучидің пікірінше, америкалықтар маскаларды 2022 жылға дейін қолдануға мәжбүр болады.
Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 34,5 миллионнан асып, оның 611 мыңы дерттен қайтыс болды.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com