АҚШ-та мешіт имамына қарулы шабуыл жасалды

713

Қаскүнем намаз оқып жатқан имамды арқасынан пышақтаған.  

АҚШ-та мешіт имамына қарулы шабуыл жасалды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Американың Нью-Джерси штатының мұсылман қауымының өкілдері, соның ішінде көбіне этникалық түріктер тұратын Патерсон қаласында жергілікті мешіттердің бірінің имамына қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі күні Omar Mosque мешітінде таңертеңгі намаз кезінде болды.

Қаскүнем 65 жастағы имам Сайед Әл-Нақиб сәждеге басын тигізгенде арқасына пышақ сұққан.

Бейнебақылау камерасынан түсірілген кадрларда 32 жастағы шабуылдаушы Шериф Зорба намаз оқу барысында дұға етушілердің үстінен секіріп, шабуыл жасағанын көруге болады.

Алайда, өз дегеніне жеткен шабуылшы одан әрі де қолындағы пышағын тастамай, оны тоқтатқысы келгендерді қорқыта бастаған. Соңында ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Имам Әл-Нақиб мешітке ең жақые Әулие Джозеф ауруханасына жатқызылды. Оның өміріне қауіп төнбеген.

Алдыңғы күні өткен соттың бірінші отырысына Зорба Берген аудандық түрмесінен онлайн режимде қатысты. Ол "кісі өлтірмек болғаны" үшін айыпталуда.

Мешіт қоғамдастығының басшылығында және полицияда қылмыстың себебі анықталмаған. Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу