Инвесторлар "Харви" дауылынан қауіптеніп отыр. Себебі дауыл мен су тасуынан АҚШ-тың мұнай өндіру күші 15 пайызға төмендеп кетті, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:10-дағы бағасы 15 центке (0,29%) өсіп, барреліне 52,04 долларды құрады,
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазанындағы фьючерстері (NYMEX) $0,21 (0,45%) көтеріліп, барреліне 46,78 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу