Чикагода 71 жастағы азамат 6 жасар баланы пышақтап өлтіріп, оның 32 жастағы анасын жаралағаны үшін айыпталды.
Күдікті Джозеф Чубаны полиция сенбі күні Чикагоның Плейнфилд маңында ұстады. Билік Чубаны үйдің кіре берісінде жерде отырған жерінен тапқанын айтты, деп хабарлайды UPI.
Үйдің жатын бөлмелерінің бірінен полицейлер пышақ жарақатын алған бала мен оның анасын тапты. Олар ауруханаға жеткізілді. Бала алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, ал әйелдің жағдайы ауыр.
Полицейлердің мәліметінше, балаға 26 рет, ал әйелге оннан астам рет пышақ сұғылған. Джозеф Чубаға кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, өшпенділік баптары бойынша айып тағылды.
"Детективтер осы қатыгез шабуылдың екі құрбаны да мұсылман болғандықтан және Хамас пен израильдіктер арасында жалғасып жатқан Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты нысанаға алынғанын анықтады", – деп жазылған округтің шериф кеңсесінің мәлімдемесінде.