АҚШ-тың Миссури штатында оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан 1 адам мерт болды, тағы төртеуі жараланған. Зауыт басшылығының айтуынша, жарылыс химиялық қоспа дайындайтын блоктан шыққан.
Қазір кәсіпорын жұмысы уақытша тоқтап тұр. Мұнда еңбек ететін 1 800 адам үйлеріне қайтарылды. Жарылысқа байланысты жұмыс орнының еңбек қауіпсіздігін қадағалайтын мамандар тексеру жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу