АҚШ-та оқудың алғашқы күні жасөспірімдер жанжалдасып, мектеп дәретханасында оқ атты

217

Қаруланған жасөспірім көп ұзамай ұсталған.

АҚШ-та оқудың алғашқы күні жасөспірімдер жанжалдасып, мектеп дәретханасында оқ атты Фото: New York Post

АҚШ-та Джоппатаун орта мектебіндегі оқудың алғашқы күні 16 жастағы жасөспірім 15 жасар оқушымен жанжалдасып, мектеп дәретханасында оқ атты. Салдарынан зардап шеккен оқушы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі New York Post порталына сілтеме жасап.

Округ билігінің айтуынша,16 жастағы жасөспірім 15 жасар Уоррен Кертис Грантты жарақаттаған. Оқиғадан кейін оушылар оны дәлізге алып шыққан. Кейін мектеп медбикелері көмек беріп, содан кейін оны тікұшақпен Балтимордағы Джонс Хопкинс ауруханасына апарған. Алайда, кейін оқушының көз жұмғаны белгілі боды.

"Ал қаруланған жасөспірім жақын маңдағы тұрғын үй кешеніне барып, жасырынатын орын іздеп есіктерді қаққан. Бірнеше минуттан кейін кінәлі ұсталып, қамауға алынды", – деп хабарлады полиция.

Осыған ұқсас оқиға Джорджияның солтүстігіндегі Апалачи мектебінде де болды. Жасөспірім Колт Грей төрт оқушыны атып, тоғызын жарақаттаған болатын.

14 жастағы Колт Грейге төрт бап бойынша айып тағылып, ересек адамның қылмысы ретінде бағаланды.

Енді, Джоппатаун мектебіндегі 16 жастағы жасөспірімге де жаза ересек адам ретінде қаралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу