АҚШ-та "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы фактісі анықталды

958

Науқастың жағдайы қалыпты. 

АҚШ-та "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы фактісі анықталды

АҚШ-тың Калифорния штатында коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Науқас – Оңтүстік Африкадан оралған саяхатшы. Ресми дерек бойынша, ол вакцина салдырған, аурудың асқыну белгілері жоқ.

Саяхатшы 22 қарашада Оңтүстік Африкадан оралған. 29 қарашада оның дертке шалдыққаны анықталды. Сол бойда ол оқшауланған. Онымен жақын байланыста болғандардан вирус табылмады.  

Бұл штамм әлемнің 23 елінде тіркелген. 

26 қарашада ДДСҰ Африканың оңтүстігінде табылған B.1.1.529 штамына "омикрон" деп атады. Ұйымның алдын-ала мәліметі бойынша, штамм басқаларына қарағанда тезірек таралады.

Табиғат Нұрболат

Фото: nytimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу