АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында 46 мигранттың мәйіті бар жүк көлігі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Аман қалған тағы 16 адам ауруханаға жатқызылды, олардың төртеуі – балалар.
Жүк көлігі қала шетіндегі теміржол жолдарының жанынан табылды. Қайтыс болғандардың ұлты ресми түрде жарияланбады, бірақ оқиға орнына Мексика консулдығының өкілдері келді.
2021 жылдың қазан айындағы мәліметтке сәйкес, АҚШ пен Мексиканың мемлекеттік шекарасы соңғы 35 жылдағы заңсыз босқындардың рекордтық ағынын бастан кешіруде. Америка Құрама Штаттарының шекара және кеден қызметі 2021 жылы 1,7 миллион құқық бұзушыны ұстаған болатын. Жергілікті халық қазіргі президент пен басқа да шенеуніктері жүргізіп жатқан көші-қон саясатын сынға алуда.
Табиғат Нұрболат
Фото: texastribune.org