АҚШ-тың Калифорния штатындағы "Карр" өрті 50 мың гектар жерді және 1 мың тұрғын үйді күлге айналдырды. Бұндай алапат өрт штат тарихында болған емес, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Қазірде Калифорнияның әр жерінде тұтанған өртті сөндіруге 10 мыңнан аса төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өрт сөндірушілерге өрттің таралуын тоқтату 35-40% ғана мүмкін болып отыр.
Ауа райының ыстық болуы құрғақшылыққа әкелуде, сондай-ақ желдің қатты екпіні де жағдайыды қиындата түскен.
Елдегі БАҚ-тың хабарлауынша, өрттен ең кемі 8 адам көз жұмған, 19 адам із-түссіз кеткен.
10 мыңдаған адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Айта кетсек, штатта өрт 23 шілдеде тұтанған, сол уақыттан бері өрт сөндірушілер табиғи апатпен алысуда.