АҚШ-та өткен байқауда "Ұлытау" тобы жеңіске жетті

1980

Халықаралық байқауға 86 елдің музыканты қатысқан.  

АҚШ-та өткен байқауда "Ұлытау" тобы жеңіске жетті

Лос-Анджелес қаласында өткен DJOOKY Music Awards байқауында "Ұлытау" этно-рок тобы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Халықаралық байқауда "Ұлытау" тобы рок-металл санаты бойынша жеңіске жеткен. Қазақстандық музыканттар Махамбет Өтемісұлының "Жұмыр қылыш" күйін орындаған.

Байқау онлайн дауыс беру арқылы өткен. Дауыс беру 27 ақпан таңғы 06.00-де басталып, 1 наурыз күні аяқталған.

"Қазақстан халқының бірлігінің арқасында бірінші орынға ие болдық", - деді топтың жетекшісі Қыдырәлі Болман Алматыда өткен өңірлік коммуникация қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Djooky Music Awards халықаралық байқауына әлемнің 86 елінің музыканты қатысқан. Олар 13 музыкалық бағыт бойынша бағын сынаған.

"Ұлытау" этно-рок тобы 2001 жылы құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу