АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме өзгертілмеді

1107

ФРЖ алдағы айларда қазынашылық облигацияларды ай сайын кемінде 80 миллиард долларға сатып алады.

АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме өзгертілмеді

АҚШ-тың орталық банкі қызметін атқаратын Федералдық резервтік жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені 0-0, 25% деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Ашық нарықтағы операциялар жөніндегі комитет мөлшерлеме диапазонын 0-0,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл көрсеткіш инфляция 2%-ға жетпейінше осы деңгейде бекітіледі", – деп жазылған реттеушінің мәлімдемесінде.

ФРЖ алдағы айларда қазынашылық облигацияларды ай сайын кемінде 80 миллиард долларға, сондай-ақ кепілхаттармен қамтамасыз етілген бағалы қағаздарды  ай сайын кемінде 40 миллиард долларға сатып алуды жоспарлап отыр.

"Активтерді сатып алу нарықтың үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және салдарынан үй шаруашылықтары мен кәсіпорындарға арналған несие көбірек беріледі", – деді ФРЖ мамандары.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс экономикаға кер әсерін тигізіп отыр деген пікірде ФРЖ. Сондықтан комитет экономикаға қатысты ақпаратты қадағалауды жалғастырып, қажет болған жағдайда ақша-несие саясатын өзгертпек.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу