АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелерді көтеру саясаты жалғасады

951

Елдің Федералды қор жүйесі Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан, пайыздық мөлшерлемерді көтеру саясатын жалғастырады.   

АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелерді көтеру саясаты жалғасады

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан, пайыздық мөлшерлемерді көтеру саясатын жалғастырады, деп хабарлайды 24.kz.

Федералды қор жүйесі басшысының пікірінше, бұл – АҚШ экономикасының қалпына келуі мен жұмыс орындарының артуын сақтап тұрудың және инфляцияны 2 пайыз деңгейде ұстаудың ең жақсы әдісі.

Пауэлл айтқандай, компаниялар қазіргідей болашаққа сеніммен қарап, жұмыс орындарын арттыра берсе, экономиканың да өнімділігі жоғары қала беретінін күтуге болады. Бұл – Дональд Трамп қаржылық реттеуші органын қатал сынға алғаннан бергі Федералды қор жүйесі басшысының жасаған алғашқы мәлімдемесі.

АҚШ президенті пайыздық мөлшерлеме төмендейтініне немесе қазіргі деңгейде қалатынына үміт білдірген еді. Осыған дейін Федералды қор жүйесі саяси қысымға қарамастан, тәуелсіздігін сақтап қалатынын жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу