АҚШ-та полиция Black Lives Matter қозғалысының негізін қалаушының ағасын өлтірді

423

Black Lives Matter қозғалысының негізін қалаушы Патрисия Каллорстың ағасы Кинан Андерсонды Лос-Анджелесте полиция қызметкерлері тұтқындау кезінде өлтірді. 

АҚШ-та полиция Black Lives Matter қозғалысының негізін қалаушының ағасын өлтірді Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, оқиға 3 қаңтарда қаланың батыс бөлігіндегі Венис ауданының жанында болған.

Андерсон кесірінен жол апаты болады, жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бірі құқық қорғау органдарына қоңырау шалды. 31 жастағы қара нәсілді жігіт оқиға орнына келген қауіпсіздік қызметкерлеріне тіл тигізген көрінеде, нәтижесінде қызметкерлердің бірі ер адамды жерге жатқызған, ал екіншісі оны бір минуттай электрошокермен қинаған. Андерсонның сол жерде жүрегі тоқтап қалады.

Марқұмның мұғалім болып жұмыс істегені, артында баласы қалғаны анықталды.

Жергілікті БАҚ тұтқындау кезінде Андерсон полицейлерден тоқтауды өтінгенін хабарлайды. Ол сондай-ақ көмек сұрап: "Джордж Флойдпен болған оқиға қайталанып жатыр", - деп айтқан.

"Менің ағам өмір сүруге, ал оның баласы әке тәрбиесін көруге лайық. Кинан, біз сен үшін және мемлекеттік зорлық-зомбылықтан зардап шеккен барлық жақындарымыз үшін күресеміз", - деп жазды Каллорс өзінің әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап Лос-Анджелес полициясы тағы екі адамды өлтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу