АҚШ-та Ресейдің төрт азаматына айып тағылды

639

Ресейдің төрт азаматына американдық санкцияларды айналып өтіп, әскери әрі қос мақсаттағы өнімдерді сатып алғаны үшін айып тағылды. 

АҚШ-та Ресейдің төрт азаматына айып тағылды Фото: cdn.tvc.ru

Тиісті құжат сейсенбіде Нью-Йорктің Шығыс округтік сотының электронды базасында жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Істе Евгений Гринин, Борис Лившиц, Светлана Скворцова және Алексей Ипполитовтың аты аталады. Мемлекеттік айыптау қорытындысы бойынша, жауапкерлер 2017 жылдан бері әртүрлі электрониканы сатып алу үшін "бүкіл әлем бойынша бірқатар жетекші компаниялар мен банктік шоттар арқылы ақша аударымдарын" пайдаланған.

"Бұл өнімдерге кванттық компьютерлерді, гиперсоникалық және ядролық қаруды құрастыруда қолданылатын, басқа да әскери мен ғарыш салаларында қолданылуы мүмкін жетілдірілген электроника мен күрделі сынақ жабдықтары кірді", - делінген құжатта.

Істің негізгі жауапкері - Гринин. Америкалық биліктің айтуынша, ол сатып алған электроника Азия мен Еуропа елдеріне жеткізіліп, содан кейін Ресейге жіберіліп отырған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу