АҚШ-та мамыр айынан бері таралған циклоспориоз індеті салдарынан екі адам көз жұмып, жүздеген тұрғын ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
CDC мәліметінше, індеттің таралу аумағы кеңейіп, бұрын тіркелген штаттарға тағы алты штат қосылған. Қазір ауру АҚШ-тың бірнеше өңірінде анықталып отыр.
Мамандардың айтуынша, жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Taylor Farms компаниясы Мексиканың орталығында өндірген және Taco Bell мейрамханалары мен сауда орындарына жеткізілген салат жапырақтарымен байланысты.
Ресми дерек бойынша, 22 мыңнан астам адамда циклоспориоз анықталған немесе осы дертке күдіктелген. Оның ішінде 517 адам ауруханаға жатқызылған.
Ең көп жағдай тіркелген Мичиган штатында денсаулық сақтау органдары індетке байланысты АҚШ-тағы алғашқы екі өлім жағдайын растады. Мамандардың мәліметінше, қайтыс болған азаматтардың негізгі созылмалы аурулары болған және олардың жағдайы сусыздану салдарынан асқынған.