АҚШ-та сотталған қазақстандық студент елге оралды

840

АҚШ-та сотталған қазақстандық студент елге оралды

Бостондағы террорлық шабуылға байланысты  6 жылға сотталған қазақстандық студент Диас Қадырбаев өз еліне оралды. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

 "Біздің азаматымыз Диас Қадырбаевтың Алматыға 24 қазанда келгенін және қазір Қазақстанда екенін, оның жазасын өтеп, Қазақстанға оралғаны туралы хабарлағым келеді", - деді Астанадағы дүйсенбі күні өткен баспасөз жиынында Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, 2013 жылы Бостонда марафон кезіндегі жарылыстардан кейін екі қазақстандық студент Азамат Тажаяқов пен Диас Кадырбаев ұсталған болатын. Диас Қадырбаев алты жылға бас бостандығынан айырылып, Азамат Тажаяқов 3,5 жылға қамалған.

Азамат Тажаяқов өткен жылы маусымда елге оралған, ал Диас Кадырбаев АҚШ-тың федералдық түрмесінен босатылып, биылғы жылдың тамыз айында Қазақстанға депортацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу