АҚШ-та студенттердің 4,5 млрд доллар қарызы кешірілді

189

АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік қызметкерлерге арналған Студенттік несиені кешіру (PSLF) бағдарламасы арқылы 60 000-нан астам қарыз алушының қосымша 4,5 миллиард доллар қарызын есептен шығарды.  

АҚШ-та студенттердің 4,5 млрд доллар қарызы кешірілді Фото: РБК

Бұл туралы ақпарат бейсенбі күні Ақ үйдің сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жалпы, президент Байден мен вице-президент Камала Харристің әкімшілігі кезінде студенттік несиелері кешірілген мемлекеттік қызметкерлердің саны 1 миллионнан асты. Президент әкімшілігі шамамен 5 миллион америкалық үшін 175 миллиард доллар қарызды жеңілдетуді мақұлдады, олардың әрқайсысы орташа есеппен шамамен студенттің $ 35,000 қарызын жабады, деп хабарлады Ақ үй мәлімдемесінде.

Бүгінгі қарызды кешіру туралы хабарландыру – Президент Әкімшілігінің студенттердің қарыз жүктемесін азайту және несиелер студенттер мен олардың отбасылары үшін білім және экономикалық мүмкіндіктерге кедергі болмау жөніндегі кең ауқымды күш-жігерінің бір бөлігі, делінген хабарламада.

Несиені есептен шығарудың бірінші кезеңі осы жылдың сәуір айында өтті. Сол кезде президент Байден АҚШ-тың қосымша 277 000 тұрғыны үшін 7,4 миллиард доллар қарызды кешіретінін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу