АҚШ-та табиғи апаттардан келген шығынның рекордтық көрсеткіші тіркелді

582

Америка Құрама Штаттарындағы 2022 жылғы табиғи апаттардан келген шығынның жалпы сомасы 165 миллиард долларды құрады - 2017 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш. 

АҚШ-та табиғи апаттардан келген шығынның рекордтық көрсеткіші тіркелді

Мұндай деректер ұлттық Мұхиттық және атмосфералық әкімшіліктің (NOAA) жаңа есебінде келтірілген, деп жазады Inbusiness.kz.

Құжатта, Рождествоға қарсы қысқы дауылдың салдарын есептемегенде, 165 миллиард доллар шығын келген, әйтпесе жалпы сома 170 миллиард долларға дейін баруы мүмкін. 

Сондай-ақ, өткен жылы табиғи апаттар кем дегенде 474 адамның өмірін қиды.

"Климаттың антропогендік өзгеруінен туындаған төтенше ауа-райы жағдайлары жиі тіркеледі", - деп атап өтті АҚШ-тың бас метеорологиялық мекемесінің жылдық есебінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу