АҚШ-та тағы бір саяси партия құрылады

946

Жаңа ұйым FORWARD, яғни "Алға" деп аталмақ. 

АҚШ-та тағы бір саяси партия құрылады

АҚШ-та 3-саяси партия құрылмақ. Оған Республикалық және Демократиялық партиялардың бұрынғы өкілдері мүше болғалы жатыр.

Оған бұрын Президенттікке үміткер болған бизнесмен Эндрю Янг және Нью-Джерси штатының бұрынғы губернаторы Кристин Тодд Уитман жетекшілік етпек. Олар саяси бірлестік әділ, әрі гүлденген, экономикасы мықты билік құратынына сенімді. 2 жылдан кейін өтетін сайлауда жеңіске жетеміз деп ойлайды.

Бастапқы бюджетін 5 млн доллар деп көрсеткен партия, АҚШ-тың 19-ғасырдан бері қалыптасқан 2 партиялы саяси жүйесін өзгертіп, жаңаша дамуға ықпал еткісі келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу