АҚШ-та тәртіп сақшысы болып қызмет атқаратын Димаш Ниязов Астанада алғашқы кездесуін өткізеді

1006

АҚШ-та тәртіп сақшысы болып қызмет атқаратын Димаш Ниязов Астанада алғашқы кездесуін өткізеді

Кәсіпқой бокста бірде-бір жеңіліс көрмеген жерлесіміз Димаш Ниязов Астанада алғашқы кездесуін өткізеді. Халықаралық ЕХРО көрмесі аясында өтетін кеш оған жақсы мүмкіндік ұсынып отыр, деп хабарлайды 24.kz. 

Бұл бокс кеші 9 қыркүйекке жоспарланып отыр. Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам шаршы алаңға шығады. 
"Бокспен ең алғаш Қазақстанда айналыса бастадым. Бапкерім Нұрғали Сафиуллин болатын. Қазір ол олимпиадалық құраманы дайындайды. Міне, сол іргетастың арқасында бокс әлеміне жақсылап сіңісе алдым. Қазіргі жеңістерімнің барлығын қазақстандық мектеппен және қанда бар қасиетімізбен байланыстырамын", - дейді ол. 
Димаш АҚШ-та жүргенімен, туған жерімен байланысты ешқашан үзген емес. Үнемі елде қалған туыстары және достарымен хабарласып тұрады. Ал бокс кешіне қатысу мүмкіндігі ашылғанда қуанышында шек болмапты.

"Астанадағы кездесу қыркүйек айында өтеді. Қанат Исламның кездесуі аясында мен де өнер көрсететін болдым. Өте қуаныштымын. Қазір елорда қатты өзгерген. Халықаралық ЕХРО көрмесі өтіп жатыр. Міне, осының аясында мен де қарсыласымды жеңіп, халқыма ерекше әсер сыйлағым келеді", - дейді Ниязов. 

Айта кетейік, Димаш Ниязов Нью-Йоркте тәртіп сақшысы қызметін атқарады және жай ғана полицей емес, бейбіт заманның батыры. Бірнеше рет қауіпті қылмыскерлердің жолын кесіп, арнайы марапат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу