Олар Сан-Бруно қаласында жол ережесін бұзған таксиді тоқтатқан.
Десе де, көлік Waymo фирмасының өздігінен жүретін жүргізушісіз таксиі болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рейд барысында құқық қорғау органдары мас жүргізушілерді тексерген, ереже бұзғандарды жазалаған. Сол уақытта аталған такси бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өтіп кетеді.
Мұндай жағдай үшін Калифорния полициясы міндетті түрде айыппұл салу керек еді, бірақ заңнамада роботтарға немесе жүргізушісіз таксилерге айыппұл салу тәртібі жоқ. Сондықтан, хаттама толтырылмай тұр.
Солай бола тұра, полиция Waymo-ға ереже бұзу туралы ресми хабарлаған және "болашақта мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін көліктер қайта бағдарламаланады" деп үміттенетінін жеткізген.
Компания оқиғаға жауап ретінде көліктің автономды жүргізу жүйесі жол қозғалысы ережелерін ескере отырып жасалғанын, қауіпсіздікке көп көңіл бөлінетінін және бұл жағдайдың әлі де зерттеліп жатқанын мәлімдеп отыр.
– Бұл оқиға жүргізушісіз технологияларды дамытумен қатар, құқықтық салада жаңа ережелер мен нормаларды әзірлеу қажеттігін тағы бір рет көрсетті, – дейді автосарапшылар.