АҚШ-та теміржолшылар жалақысы бес жыл бойы 25%-ға өсетін болады

541

АҚШ Сенаты теміржолшылардың ереуілін болдырмауға бағытталған қарарды қолдады. Аталмыш құжатқа 80 сенатор "оң" дауыс берсе, 15-і "қарсы" болды. 

АҚШ-та теміржолшылар жалақысы бес жыл бойы 25%-ға өсетін болады Фото: media.az

Қарар теміржол компаниялары мен жұмысшыларын қыркүйек айында сала операторлары мен кәсіподақ жетекшілері арасында жасалған келісімді орындауға міндеттейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz американдық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Келісім жұмысшыларға бес жыл бойы жалақының 24%-ға өсуін қамтамасыз етеді және дәрігерге бару үшін демалыс алуға мүмкіндік береді.

Өкілдер палатасында бұған дейін қарарды 290 "қолдап" және 137 "қарсы" дауыс берді.

Дүйсенбіде Байден АҚШ конгресін теміржол қызметкерлері мен сала операторлары арасындағы келісімді ұлттық теміржол ереуілінің алдын алу үшін өзгеріссіз қабылдауға шақырды. Енді құжатқа АҚШ президенті Джо Байден қол қойса болғаны. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу