АҚШ-та Tik Tok әлеуметтік желісін пайдалануға университеттерде де тыйым салына бастады

549

Техас штатының Остин қалалық университетінің басшылығы студенттерге кампустарда қытайлық Tik Tok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салды.  

АҚШ-та Tik Tok әлеуметтік желісін пайдалануға университеттерде де тыйым салына бастады Фото: iXBT.com

Мұндай шара платформаның ҚХР Коммунистік партиясымен байланысы бар, қытайлық шенеуніктер АҚШ деректеріне қол жеткізе алады деген алаңдаушылықтан қолға алынды. 

Бұл туралы Inbusiness.kz Bloomberg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Университтегі тыйым Техас губернаторы Грег Эбботт мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекет шығарған құрылғыларда әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салғаннан кейін қабылданды.

"Университет TikTok-қа кіру жолдарын біржола бұғаттайды және әлеуметтік желіні университеттің интернет желілері арқылы пайдалануға тыйым салады",-делінген хабарламада.

Бұған дейін Алабама мен Оклахома штаттарындағы университеттер де Tik Tok қосымшасын бұғаттады.

ҚХР билігі мемлекеттік ақпаратты иемденуінен қауіптенген Америка штаттарының жартысынан көбі қытайлық TikTok әлеуметтік желісін қызметтік құрылғыларда пайдалануға ішінара немесе толығымен тыйым салғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу