АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынбақ

509

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы ел аумағында TikTok-қа тыйым салатын заң қабылдады. 

АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынбақ Фото: pixabay

Егер заң жобасы қабылданса, TikTok-тың қытайлық ByteDance компаниясынан бөлініп шығуына шамамен бес ай уақыт беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

TikTok қытайлық компаниядан бас тартпаған жағдайда әлеуметтік желіні АҚШ аумағында қолдануға тыйым салынады.

Заңды жобасын әзірлеушілердің айтуынша, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Себебі Қытай билігі өзінің барлау туралы заңдарын ByteDance-ке қарсы пайдаланып, аталмыш әлеуметтік желіге тіркелген АҚШ азаматтарының деректеріне қол жеткізуі мүмкін.

Қытай сыртқы істер министрлігі өкілдер палатасының әрекетіне жауап беріп, оны "қорқыту әрекеті" деп атады.

TikTok-қа тыйым салынуы 170 миллион америкалық пайдаланатын әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі үшін үлкен қиындық әкелмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу