АҚШ-та Tiktok желісіне тыйым салатын заң қабылданды

257

170 миллион қолданушысы бар Tiktok АҚШ-та өте танымал әлеуметтік желі.

АҚШ-та Tiktok желісіне тыйым салатын заң қабылданды Фото: Getty Images

АҚШ-та Tiktok-қа тыйым салуға мүмкіндік беретін заң қабылданды. Ақ үй басшысы қоғамда үлкен тартыс тудырған даулы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Жаңа ереже бойынша әлеуметтік желі иесі қытайлық ByteDance компаниясы 9 ай ішінде қосымшаны Америкалық компанияға сатуы міндет. Талап орындалмаған жағдайда Америка аумағында желіні қолдануға толық тыйым салынады, деп жазды Qazaqstan.tv.

АҚШ билігі америкалықтардың жеке деректері Қытай қолына өтіп кетпеуі үшін осындай қатаң шара қолдануға мәжбүр болып отырмыз деген уәж айтады. Алайда, қарапайым жұрт бұған сенбейді әрі заң сөз бостандығын шектеу деп сынға алды.

Айта кетейік, 170 миллион қолданушысы бар Tiktok АҚШ-та өте танымал әлеуметтік желі. Оның үстіне жеті миллион адам бизнес жүргізіп, нәпақасын айырып отыр. Сондықтан тұрғындар да, компания басшысы да АҚШ билігінің үстінен сотқа шағым түсірмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу