АҚШ-та тиктокерлер сотқа жүгінді

496

Монтана штаты әкімдігі TikTok-қа тыйым салды. 

АҚШ-та тиктокерлер сотқа жүгінді Фото: tecnobreak.com

Бір топ тиктокерлер АҚШ-тың Монтана штатында жаңадан қабылданған TikTok-ты пайдалануға тыйым салу туралы заңға наразылық білдіру үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz The Verge сілтемесімен.

Сотта айтылғандай, штаттың пікір алмасу алаңына тыйым салуға құқығы жоқ, өйткені бұл АҚШ Конституциясында сөз бостандығына қол сұғушылыққа жол бермейтін бірінші түзетуге қайшы келетін заңнама.

"Монтана өз тұрғындарына Wall Street Journal-да жазылған ойлар мен оның ішкі саясатына қалай кедергі бола алмаса, тура солай өз тұрғындарына TikTok-та қарауға не онда өз айларын жариялауға тыйым сала алмайды", — дейді талапкерлер.

Бұған дейін Монтана губернаторы Грег Джанфорте штат аумағында TikTok-ты пайдалануға тыйым салғаны туралы хабарланған болатын. Мұндай тыйым тұрғындардың жеке деректерін шетелдік агенттерден қорғау үшін жасалып отыр, өйткені қосымшаға ҚХР-дың ByteDance компаниясы иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу