"Лос-Анжелес Лейкерстің" бұрынғы баскетболисі Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза болды. Онымен бірге 13 жастағы қызы Джанна мен борттағы тағы 7 адам да қайтыс болды, деп хабарлайды bbc.com.
Тікұшақтың қайда бағыт алғандығы, оның құлауына не себеп болғандығы әзірге белгісіз.
Құтқарушылар оқиға орнына жылдам-ақ жеткенімен, ешкімнің тірі қалмағандығын тіркеді.
Брайант Sikorsky S-76 жеке әуе көлігімен жиі ұшады екен. Кейде тіпті "Лейкерс" матчтарына да тікұшақпен баратын болған.
Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, апат алдында көліктің қозғалтқышы өшіп қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу