АҚШ-тың Орталық батысы мен Ұлы көлдер аймағына соққан дауыл мен нөсерден өзендер тасып, елдімекендерді су басты, деп хабарлайды 24.kz.
Небраска штатында табиғат апатынан 2 адам қаза тапты. Миссисипи мен Миссури өзендері арнасынан асып, жақын мекендерге қауіп төнген. Осыған байланысты 10 миллионға жуық тұрғынға тасқынның болатыны жөнінде ескертілген. Кей аудандардан адамдар эвакуацияланды.
Жергілікті билік табиғат апатынан көп шығын келгенін айтады. Қазір жапа шеккен аудандардағы тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу