АҚШ-та торнадо соғып, 5 адам қаза тапты

149

Құрбандардың ішінде 4 айлық бала бар.  

АҚШ-та торнадо соғып, 5 адам қаза тапты Фото: РИА новости

Сонымен қатар ондаған мың адам жарықсыз қалып, талай үй жермен-жексен болып, бір Оклахоманың өзінде 100 шақты тұрғын жараланды, деп жазады inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Құрама Штаттардың Ұлттық метеорология қызметінің ескертуінше, қазір 7 миллиондай адамға торнадодан қауіп төніп тұр.

Ал Шығыс Техастан Иллинойс пен Висконсинға дейінгі аралықта тұратын 47 миллион америкалыққа алапат дауыл соғатыны, жауын құятыны және бұршақ жауатыны хабарланды.

Ал солтүстік-батыс Техастан Канзас пен Миссуриге дейінгі кеңістікте 40 жуық торнадо соғуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу