Шұғыл әрекет ету қызметінің қызметкерлері қаза тапқандарды есептеп, торнадоның зақымын қарады. Алабама, Иллинойс, Индиана және Арканзаста адамдар қаза тапты. Көптеген аудандарда жарық жоқ, жолдарды үйінділер басып қалған.
Иллинойс штаты Белвидерде торнадо кезінде рок-концерт өтуі тиіс "Аполлон" театрының шатырын ұшырып әкетті. Бір адам қаза тауып, 28-і жарақат алды, оның бесеуі - ауыр халде жатыр.
poweroutage.us сайтының мәліметінше, Арканзаста 90 мың тұтынушы жарықсыз отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу