Өткен түнде АҚШ-тың Миссисипи штатында жойқын торноадо соқты, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Әуеден түсірілген сурет пен видеоларда қираған үйлер, сынық үйінділері мен майысқан ағаштар бейнеленген. Құйыннан қатты зардап шеккен қаланың бірі Мосс-Пойнтта жеті адам банк ғимаратында қамалып қалған. Оларға құтқарушылар көмекке келді.
Апат бригадасы залал көлемін анықтап жатыр, кей аймақтарда электр тарату желісі құлағандықтан пилотсыз ұшу аппараттары жұмыс істеп жатыр. Жергілікті билік өкілдері жол мен басқа инфрақұрылым нысандарының зақымдалғанын хабарлады.
Миссисипидің орталық бөлігінде 49 000-нан астам үй күшті жел салдарынан жарықсыз қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу