АҚШ-тың Техас штатында торнадодан кемі үш адам опат болды. Он шақты тұрғын ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Перритон қаласына соққы жасаған торнадо екпіні басылар емес. 30-ға жуық тұрғын үйдің күл-талқаны шықты. Құтқарушылар үйінді астынан аман қалған жандарды алып шығумен айналысып жатыр.
Штат губернаторы Грег Эббот жазбаша мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлері мен жедел медициналық топ тәулік бойы тұрғындарға көмек көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу