АҚШ-та төрт вакцина клиникалық сынақтан өткізіледі

807

Пентагон мен денсаулық сақтау министрлігі келесі жылға қарай 300 миллион вакцина шығаруды көздеп отыр.

АҚШ-та төрт вакцина клиникалық сынақтан өткізіледі Фото: reuters.com

Құрама Штаттардың азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау басқармасы коронавирус инфекциясына қарсы төрт вакцинаны мақұлдады. Енді олар клиникалық сынақтан өткізіледі. Бұл туралы осы басқарманың басшысы Стивен Хан мәлім етті. Оның айтуынша, қазір тағы алты препарат қарастырылып жатыр. 

Еске сала кетсек, мамырда АҚШ-тың денсаулық сақтау министрлігі мен Пентагон бірлесе Warp Speed операциясын іске қосқан болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты – 2021 жылдың қаңтар айына дейін Covid-19 вирусына қарсы вакцинаның 300 миллион данасын шығару. 

Маусым айында АҚШ-та ереуілдер мен шектеулердің қысқаруына байланысты науқастардың саны күрт көбейіп кетті. Осы орайда бірқатар штат карантиндік шараларды қайтадан енгізіп жатыр. 

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, елдегі вирус жұқтырғандардың саны 2,6 миллионнан асып, оның 126 мыңы қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу