АҚШ-та төртінші банк банкрот болды

1059

2019 жылдың 30 қыркүйегінде City National Bank 120,6 млн долларға жуық активтерге ие болып, депозиттер көлемі шамамен 111,2 млн доллар болған.    

АҚШ-та төртінші банк банкрот болды

Америка Құрама Штаттарының ақша айналымын бақылау басқармасы Нью-Джерси қаласының City National Bank жұмысын тоқтатты, ол осы жылдың басынан бері елде жабылған төртінші банк болды, деп жазылған америкалық депозиттерді сақтандыру корпорациясының пресс-релизінде.

2019 жылдың 30 қыркүйегінде City National Bank 120,6 млн долларға жуық активтерге ие болып, депозиттер көлемі шамамен 111,2 млн доллар болған.   

Корпорацияның бағалауынша, банктің таратылуына байланысты депозиттерді сақтандыру қорының шығыстары 2,5 млн долларды құрап отыр.     

FDIC депозиттерді 250 мың долларға сақтандырады. Бірінші жартыжылдықтың соңында сақтандыру жүйесіне елдегі 5303 банк пен сақтандыру мекемелері қатысқан.

Былтырғы жылы АҚШ-та қаржы ұйымдарының бірде-бірі банкрот болмаған. 1933 жылдан бері мұндай жағдай тек үшінші рет қана болып отыр. 157 қаржы институтының ең көп таратылған кезі 2010 жылы байқалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу