АҚШ-та Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды

137

Күдікті ер адам ұсталды.

АҚШ-та Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды Фото: Риа Новости

Калифорнияда Дональд Трампқа тағы да қастандық жасау жоспарланған болуы мүмкін. Өйткені саясаткер сөз сөйлейтін орынның алдында тұрған көлікте қаруы бар адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз тағы бір қастандық әрекетін тоқтатқан сияқтымыз", – деді Риверсайд округінің шерифі Чад Бьанко.

Шерифтің орынбасарлары Трамп кезекті сайлауалды үгіт-насихат жасап, сөз сөйлейтін ғимарат алдындағы бақылау-өткізу бекетінде бір адамды ұстады, деп хабарлайды РИА Новости.

49 жастағы Вем Миллердің көлігінен мылтық, оқталған тапанша табылды. Ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпей ұсталды.

Шериф ұсталған ер адам оңшыл үкіметке қарсы топтың мүшесі екенін және тінту кезінде шерифтің орынбасарларына Трамп сөйлеген жерге бару үшін жалған билеттер көрсеткенін айтты.

Алайда The New York Post газеті Құпия қызмет пен Федералды тергеу бюросы Миллер экс-президентке қастандық жасауды ойламаған деп есептейді.

Сондай-ақ, ФТБ бұл бағытта тергеу жүргізіп жатпағаны айтылды. Миллердің өзі оған тағылған айыптарды "бос сөз" деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу