Министрліктің мәлімдемесінен көрініп тұрғандай, тәуелсіз тексеру Федералды тергеу бюросы (ФТБ) жүргізіп жатқан қылмыстық тергеуге кедергі келтірмейтіндей жүргізілетін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін АҚШ Өкілдер палатасының ішкі қауіпсіздік комитеті елдің бұрынғы басшысы Трампқа жасалған қастандық туралы іс бойынша ішкі қауіпсіздік министрі Алехандро Майоркасты куәлік етуге шақырғанын хабарланған болатын. Бұл туралы комитеттің сайтындағы мәлімдемеден белгілі болды.
"Палатаның ішкі қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марк Э.Грин 13 шілдеде Пенсильванияда бұрынғы президент Дональд Трампты өлтіру әрекетіне байланысты сәтсіз қауіпсіздік шаралары туралы құжаттар мен ақпарат алу үшін ішкі қауіпсіздік департаментінің (DHS) хатшысы Алехандро Майоркасты сотқа шақырды", — делінген хабарламада.
DHS-тен ақпарат тағы 14 шілдеде сұралғаны және 15 шілдеде Майоркас куәлік беруге шақырылғаны нақтыланды.