АҚШ-та Трамптың беделі түсіп барады

776

Қыркүйектің  2-5 күндері өткізілген сауалнамаға 1003 АҚШ азаматы қатысты.

АҚШ-та Трамптың беделі түсіп барады

АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ азаматтары арасындағы әрекетін қолдау рейтингісі қыркүйекте 38%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ABC News телеарнасы Washington Post газетімен бірлескен сауалнамаға сілтеме жасап.

Өткен шілде айындағы сауалнама бойынша Трамптың рейтингісі 6 пайыздық пунктке жоғары болып, 44% құраған еді. Сауалнамаға қатысқандардың 56% Трамптың қызметін қолдамайтынын айтқан. Аталған көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда 3 пайыздық пунктке жоғары болып отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 6% президенттің қызметі бойынша пікір айта алмады.

Сонымен бірге сұралғандардың 60%-ы келесі жылы АҚШ-та рецессия болуы мүмкін десе, 35%-ы жақын арада АҚШ-та рецессиялар болмайды деп санайды. Сұралғандардың басым бөлігі (43%) Трамптың сауда және экономикалық саясаты таяу уақытта АҚШ-та рецессияның ықтималдығын арттырды деп есептейді. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың 34% Трамп саясаты рецессияға әсер етпейді десе, ал 16% Президент саясаты рецессия мүмкіндігін төмендетеді деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу