АҚШ-та Трамптың ісі бойынша сот күні белгіленді

1225

Сот барысы Трамптың сайлау алды науқанына еш кедергі келтірмейді.

АҚШ-та Трамптың ісі бойынша сот күні белгіленді Фото: eadaily.com

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа қарсы іскерлік құжаттарды бұрмалау туралы сот 2024 жылдың наурыз айының соңында басталады, деп хабарлайды CNN.

"Судья Хуан Мерчан экс-президент Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс бойынша сот ісінің басталу күнін 2024 жылдың 25 наурызына белгіледі", — делінген хабарламада.

Сейсенбі күнгі отырыс кезінде судья "Трампқа сот отырысына дайындық кезінде оның құқықтарына қатысты сот бұйрығын оқыды", деп атап өтті телеарна.

Сонымен қатар, судьяның айтуынша, ол "Трамптың сайлау науқанын жүргізуіне кедергі жасамайды".

"Ол өзін айыптаудан қорғай алады. Егер ол сот белгілеген нақты шарттарды бұзбаса, кез келген әрекет жасай алады. Бұйрықты бұзу санкцияларға әкелуі мүмкін", - деді Мерчан.

Трамп тыңдауға бейнебайланыс арқылы қосылды. Телеарна экс-президенттің ісін қарау президенттік праймериздер кезеңінде болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу