АҚШ-та трансгендер әйелдердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды

404

Спорт федерацияларына арнайы хабарлама жолданды.  

АҚШ-та трансгендер әйелдердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды Фото: business-gazeta.ru

АҚШ-тың Олимпиада және Паралимпиада комитеті трансгендерлерге әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұйым спорт түрлеріне жауапты федерацияларға жазбаша хабарлама жіберіп те үлгерді. 

"Федералдық деңгейде құрылған ұйым болғандықтан, біз федералдық талаптарға сай болуымыз керек. Біздің жаңартылған саясатымыз әйелдер үшін әділ әрі қауіпсіз бәсекелестік ортаны қамтамасыз етудің маңызды екенін аңғартады. Барлық ұлттық спорт федерациялары осыған сәйкес өз ережелерін қайта қарауы тиіс", – делінген хатта.

АҚШ-тың Ұлттық Олимпиада комитетінің шешімі олимпиадалық спорт түрлеріне ғана қатысты. Бұған дейін елдің Ұлттық студенттік спорт қауымдастығы трансгендерлердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына тыйым салды.

Биыл ақпанда Дональд Трамп "Ерлерді әйелдер спортына жолатпау" деген атпен жарлыққа қол қойған болатын. Бұл трансгендерлердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына шектеу қою дегенді білдіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу