"Қазақ тілі" халықаралық қоғамы әзірлеген Оксфорд баспасынан шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсаукесері болды. Ұйым президенті Рауан Кенжеханұлы сөздік тіл үйренушілерге көмектесіп қана қоймай, оның әлемдік лингвистикалық қауымдастыққа енуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл – қазақ тілін халықаралық аренада танымал ету және дамыту үшін жасалған маңызды қадам", – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Конгресс кітапханасының өкілі Қазақстанға жасаған жомарт сыйы үшін ризашылығын білдіріп, бұл кітаптар Орталық Азиядағы зерттеушілер үшін құнды дереккөз болатынын атап өтті.